Қазақстан мен Франция көші-қон қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Сенаторлар "Қазақстан Үкіметі мен Француз Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасы арқылы екі ел Үкіметтері арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімдерді ратификацияланды.

Құжат заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған және ел аумағына кіру, болу немесе тұру ережелерін бұзған адамдарды қайтарудың нақты құқықтық тетігін белгілейді.

Келісімді іске асырып, тікелей өзара іс-қимыл жасайтын құзыретті органдар ретінде Қазақстан мен Франция тараптарынан олардың Ішкі істер министрліктері белгіленеді. Құжатты ратификациялау заңсыз көші-қонға қарсы күресте тиімділікті арттыруға және екі елдің аумағында болған азаматтарды оларға әкімшілік санкциялар қолданбай қайтаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті сенатор Қайрат Тастекеев.

Келісімде мыналар қарастырылған:

- өз азаматтарын, сондай-ақ үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды өзара реадмиссиялау;

- өтініштерді қарау, азаматтығын растау, тапсыру және транзит шарттары бойынша уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы;

-тапсыру күндерін, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін және қажет болған жағдайда алып жүру шарттарын келісу;

- жеке деректерді қорғау талаптарын сақтай отырып, адамдарды тасымалдау.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы