Қазақстан мен Еуропа. Виза беру мәселесі пысықталды

Қазақстан мен Еуропа елдері арасында рұқсат бланкілерімен қосымша алмасу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Бельгия, Венгрия, Германия, Италия, Латвия, Литва, Польша, Финляндия және Чехия елшіліктерінің өкілдерімен кездесті.

Оның барысында тараптар Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы рұқсат бланкілерімен қосымша алмасу және қазақстандық жүргізушілерге виза беру рәсімін оңтайландыру мәселелері пысықталды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар экономикалық қатынастарды одан әрі дамытып, тауар айналымын ұлғайту және автокөлікпен жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға дайын екендерін жеткізді.

Бұдан басқа елшілік өкілдері өз мемлекеттерінің уәкілетті органдарына қазақстандық тараптың халықаралық тасымалдарға рұқсат бланкілерімен қосымша алмасып, көлік жүргізушілеріне ұзақмерзімді визаларды беру туралы ұсынысын жеткізетінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы