Қазақстан мен Эстония өзара әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Эстония Республикасы Сыртқы істер министрлігінің канцлері Йонатан Всевиовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әңгіме барысында тараптар саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайту, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту, парламентаралық серіктестікті жандандыру, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ аясындағы және Еуропалық Одақпен ынтымақтастық контекстінде өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сұхбаттастар екі ел арасында барлық деңгейде мазмұнды саяси диалог жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Эстония Республикасының Президенті Алар Каристің БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға дайындығын растады.

Сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелері келіссөздердің маңызды тармағы болды. Тараптар екіжақты тауар айналымы даумының оң серпінін және екі елдің іскерлік топтары арасындағы белсенді өзара іс-қимылды атап өтті.

Р. Василенко «Орта дәлізді» дамытуды, сондай-ақ цифрландыру мен «жасыл» экономиканы қоса алғанда, көлік және логистика сияқты Қазақстан үшін басым салаларда Эстониямен ынтымақтастықты тереңдетудің өзектілігіне ерекше көңіл аударды.

Кездесу соңында тараптар қазақ-эстон қарым-қатынастарының барлық спектрі бойынша екіжақты диалогты барынша қолдауға және дамытуға дайын екендіктерін растады.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың 9 айында 135,5 млн АҚШ доллар, 2022 жылы – 121,9 млн АҚШ доллар құрады. Қазақстанда эстондық капиталдың қатысуымен 70 жуық кәсіпорын жұмыc жасауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы