Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымы 22,8 пайызға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл екі айда Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық аймақ арасындағы тауар айналым 3,8 миллиард АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,8 пайызға көп. Алыс-беріс кезінде Қазақстанның экспорттық әлеуеті айтарлықтай артқан. Мәселен, екі айда еліміз одаққа мүше мемлекеттерге 1,2 миллиард АҚШ долларына тауар сатты. 

Экспортталған заттың басым бөлігі алюминий оксидтері, гидроксидтер, өңделмеген мырыш, ферроқортпалар және тағы басқалардан тұрады. 

Ал бұл елдерден 2,6 миллиард долларға тауар импортталған. Бұл тізімде бидай, мұнай өнімдері, күнбағыс тұқымдары кездеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы