Қазақстан мен Бахрейн СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Бахрейн тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид Әл-Заянимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

А.Әл-Заяни әріптесін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне мол табыс тіледі. Өз кезегінде Қазақстан СІМ басшысы алғысын білдіріп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге бейілділігін атап өтті.

Сұхбат барысында екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжоспарлы қазақ-бахрейн ынтымақтастығын нығайтуға өзара дайындығын растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы