Қазақстан мен Әзірбайжан тауар айналымын арттыру жұмысын жалғастыруда

Мемлекет басшысының Әзірбайжанға сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сол елдің АШМ басшысы Меджнун Гадир оглы Мамедовпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр сондай-ақ "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы "АҚ 50% иелік ететін Баку астық терминалында болды.

Кездесуде Айдарбек Сапаров Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық саласында өсу мен даму әлеуеті бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда көлемін арттыру басым бағыт болып отыр.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің екіжақты саудасының көлемі шамамен екі есеге қысқарып, шамамен 75 миллион АҚШ долларын құрады. Дегенмен, биылдың өзінде Қазақстанның Әзірбайжанға экспортының құрылымында ірі қара мал, ет, құс қосалқы өнімдері секілді жаңа тауарлық позициялар пайда болды. Сонымен қатар, қос елауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүдделі тізімдерін алмасып үлгерді. Сондықтан екі мемлекет арасындағы экспорт/импорт тауарларының санын арттыру жұмыстары жалғасады.

Министр сондай-ақ "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы" АҚ-на 50%-ы тиесілі Баку астық терминалында болды. Айдарбек Сапаров кәсіпорын жұмысымен танысып, оның қазақстандық астық экспортын арттыруға қосқан үлесі туралы оң пікірін білдірді.

Сонымен қатар, министр екі жақты тәртіпте ветеринарлық шектеулерді алып тастау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын айта кетті. Нәтижесінде 2023 жылдың ақпан айында Қазақстаннан Әзербайжанға асыл тұқымды және союға арналған ірі қара және ұсақ малды, дайын ет өнімдерін (консервілер, шұжықтар және т.б.) экспорттау мақсатында ветеринариялық сертификаттар келісілді. Өзара сауда көлемінкеңейту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт және сүт өнімдеріне, құс етіне және құс өнімдеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырады.

Айдарбек Сапаров Қазақстан Әзірбайжан нарығына күнбағыс майын, кондитерлік өнімдерді, шоколад, сары май, балмұздақ, ет және ет өнімдерін және басқа да өнімдерді жеткізуге мүдделі екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның экспорттық транзитін қосымша 75 млн доллардан астам сомаға кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан өз тарапынан көрші мемлекеттен жаңа піскен жемістер, ерте піскен көкөністер мен жаңғақтарды жеткізуге ынталы.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тауар айналымын арттырумен қатар, ауыл шаруашылығы саласында белсенді инвестициялық ынтымақтастық орнатуға ниетті. Министр Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының әлеуеті зор екенін атап өтіп, әзірбайжандық серіктестерді агроөнеркәсіптік сектордағы инвестициялық мүмкіндіктерге назар аударуға шақырды. Ведомства басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл – астықты терең өңдеу, майлы дақылдарды, картопты, қант қызылшасын, жемістер мен көкөністерді, ет пен сүтті қайта өңдеу, сондай-ақ балалар тағамдарын өндіру.

Сөз соңында Айдарбек Сапаров Мажнун Ғадир оғлы Мамедов мырзаны 19-21 наурыз аралығында Тараз қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің отырысына және Түркі агробизнес форумына шақырды. Министрдің сөзінше бұл шара ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: АШМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы