22 Тамыз 2026, 03:47 Фото: gov.kz

Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктестікті нығайтуды талқылады

Келіссөздерде сауда-экономикалық байланыстарға да басымдық берілді. Атап айтқанда, шикізаттық емес экспортты арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны күшейту және өзара инвестиция көлемін ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды.

​Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Алимирзамин Аскеровпен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі дамыту мәселелері сөз болды. Тараптар мемлекет басшылары арасындағы тұрақты байланыс пен сенімді диалог екіжақты қарым-қатынастың берік негізі екенін атап өтті.

Ермек Көшербаев елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысына тоқталып, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы жаңа конституциялық модельді жүзеге асырудағы маңызды кезең болатынын айтты.

Келіссөздерде сауда-экономикалық байланыстарға да басымдық берілді. Атап айтқанда, шикізаттық емес экспортты арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны күшейту және өзара инвестиция көлемін ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Әзербайжанның транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселесі көтерілді. Қазақстан Әзербайжанды Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырады.

Тараптар БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы, АӨСШК, ИЫҰ және өзге де халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Әзербайжан Елшісі көрсетілген қабылдау үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.