30 Маусым 2026, 04:37
Фото: freepik
Алматыда коммуналдық қарызы бар 600-ден астам кәсіпорынның есепшоты бұғатталды
Жыл басынан бері қарызы бар кәсіпорындарға қатысты 1 274 материал қаралған.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, жыл басынан бері қарызы бар кәсіпорындарға қатысты 1 274 материал қаралған.
Ал оның 602-сі сот орындаушыларына жолданған. Борышкерлердің банк есепшоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салу және елден уақытша шығуға шектеу қою шаралары қабылданған.
Қазір атқарушылық іс қозғалған 602 кәсіпорынның 283-і берешегін толық өтеген.