Кездесулерде TRIPP (Trump Route for International Peace and Prosperity) көлік дәлізін дамыту және оның Қазақстан үшін транзиттік әлеуеті сөз болды. Сондай-ақ бұл бағытты Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) жалғасы ретінде қалыптастыру, халықаралық көлік-логистикалық желілермен байланыстыру мәселелері талқыланды.
TRIPP бағыты Қазақстанның Еуразиядағы маңызды транзиттік хаб ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Жоба көлік бағыттарын әртараптандыруға, қосымша жүк ағындарын тартуға және өңірлер арасындағы логистикалық байланысты кеңейтуге ықпал етеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көлік-логистика саласын ел дамуының стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде белгілеген болатын. Осыған байланысты Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін кеңейту, жаңа бағыттарды игеру және транзиттік мүмкіндіктерін арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді.