Қазақстан мен Армения. Парламентаралық іс-қимыл жоғары деңгейде жүзеге асып келеді

Нұртөре Жүсіп Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының «Армения-Қазақстан» достық тобының жетекшісімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Армения Республикасы Ұлттық Жиналысындағы «Армения-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянмен кездесті.

Сенатор өз сөзінде Армения мен Қазақстанның екіжақты түрде де, бірқатар интеграциялық бірлестіктер аясында да өзара іс-қимылы деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Қазақстан мен Армения арасындағы өзара парламентаралық іс-қимыл жоғары деңгейде жүзеге асып келеді. Оған достық тобының қызметі де ықпал етуде. Екі елдің Парламенттері төрағаларының кездесулері де тұрақты түрде өтуде. Біздің елдеріміз Парламенттерінің делегациялары халықаралық диалог алаңдарында өзара тығыз іс-қимыл жасап келеді, - деді Нұртөре Жүсіп.

Нұртөре Жүсіп Парламенттің жаңа сессиясының ашылуында Президент ұсынған Қазақстанның дамуының жаңа экономикалық үлгісі туралы да айтып берді. Депутат жаңа бағыттың басымдықтары әділдік, инклюзивтілік және прагматизм деп жарияланғанын атап өтті.

Вагаршак Ақобян шара соңында Арменияның Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға белсенді ықпал етуге дайын екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен
Өзгелердің жаңалығы