Қазақстан мен АҚШ жоғары байытылған уранды азайту мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігінде АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің өкілдерімен зерттеу реакторларын жоғары байытылған уран отынынан төмен байытылған уран отынына конверсиялау және Қазақстанда жоғары байытылған уранды кәдеге жарату мәселелері бойынша кездесу өтті.

Қатысушылар ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы табысты ынтымақтастықты атап өтті, оның нәтижесі «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК қарамағындағы ИВГ.1М зерттеу реакторын конверсиялау болды. Төмен байытылған уран отыны бар ИВГ.1М реакторын пайдалануға беру физикалық және энергетикалық іске қосу кезеңдері аяқталғаннан кейін 2023 жылға жоспарланған.

АҚШ делегациясы алдын ала Курчатов қаласындағы «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ға барды, кәсіпорын объектілеріне техникалық турлар, сондай-ақ ИВГ.1М зерттеу реакторының конверсия мәртебесі, ИВГ.1М эәне ИГР зерттеу реакторларының сәулеленген отынын сұйылту және түпкілікті кәдеге жарату мәселелері талқыланған техникалық кеңес өткізілді, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы