8 Қыркүйек 2026, 23:23
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан мен АҚШ стратегиялық әріптестікті нығайтуға ниетті
Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін растады.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысының Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуына дайындық пен жоғары деңгейдегі алдағы байланыстардың мазмұнды күн тәртібін пысықтауға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін растады.