Қазақстан мен АҚШ мемлекеттік сатып алудағы сөз байласу мәселелерін талқылады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласындағы сөз байласуды анықтау және тергеуге арналған онлайн семинарға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Іс-шараны АҚШ Әділет министрлігінің монополияға қарсы бөлімі (DOJ) ұйымдастырған.

Ашық пікірталас форматында өткен семинар барысында Агенттік қызметкерлері белсенді түрде сұрақтар қойып, тергеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады. Америка Құрама Штаттарының мамандары мемлекеттік сатып алуларға әсер ететін бәсекелестікке қарсы келісімдерге шолу жасады. Қылмыстардың сипаты анықтау үшін қажетті дәлелдемелердің типтік элементтері қаралды.

Сондай-ақ тақырып бойынша сарапшылар, соның ішінде сот адвокаты Брайан Серино және техникалық көмек жөніндегі үйлестіруші Девон П. Махони сөз байласуды анықтау әдістерін ұсынды, ықтимал сөз байласуды көрсететін «қызыл белгілерді» талқылап, монополияға қарсы тергеулер үшін дәлелдерді жинау әдістерімен бөлісті.

Семинар монополияға қарсы құқық бұзушылықпен күресте бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растады. Болашақта Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары озық тәжірибе алмасып, осы бағытта екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы