Қазақстан мен АҚШ арасындағы діни мәселелер талқыланды

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Халықаралық діни бостандық жөніндегі АҚШ комиссиясының (USCIRF) төрағасы Вики Хартцлермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство дерегінше, кездесу барысында тараптар Қазақстандағы діни ахуал, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, Комиссияның жыл сайынғы баяндамаларында көтерілген жағдайлар туралы пікір алмасты.

Вики Хартцлер Қазақстанның адам құқықтары мен діни сенім бостандығы саласындағы соңғы қадамдарына оң баға берді.

Кездесу қорытындысында қазақстандық тарап діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, АҚШ-пен осы бағыттағы ынтымақтастық пен өзара байланысқа сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы