Қазақстан McDonald's-тің талабын орындай алмай отыр ма? - министр жауабы
Үкімет кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров McDonald's компаниясының елден кетуі ұсынып отырған еттің сапасында емес екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Ведомства басшысының түсіндіруінше, әлемде еттің белгілі бір стандарттары қалыптасқан.
Ет құрамы, талшықтары оның майлылығына байланысты қазіргідей талап болмаған. Ондай жекелеген стандарттар көп. Әрбір компанияның өз стандарты бар. Соларға арнайы түрін әзірлеу қажет. Мұндай мәселе қазақстандық ет өңдеушілердің сапасында емес, нақты McDonald's талаптарына сай маманданбаған деп ойлаймын, - деді Ұлттық экономика министр.
Сонымен қатар ол қазақстандық еттің сапасын бүкіл әлем білетінін атап өтті.
Біздің еттің сапасына келсек, ол бүкіл әлемге белгілі. Тіпті жапондардың өзі Қазақстаннан жылқы етін импорттайды, - деді Әлібек Қуантыров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысы ішкі нарықты құс етімен 100% қамтуға ынталы
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы