30 Шілде 2026, 10:09
Фото: Ақорда
Қазақстан-Марокко арасындағы достық халқымыздың игілігі жолында ұдайы дами береді – Тоқаев
Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады.
Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.