Қазақстан-Люксембург: инвестициялық ынтымақтастық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. KAZAKH INVEST офисінде Қазақстан Республикасындағы Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Жорж Фабер  СІМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ардақ Зебешевпен және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті. 

Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды, елімізде инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат жеткізілді.

Тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы тұрақты оң динамиканы атап өтті. Бүгінде Қазақстанда Люксембург капиталының қатысуымен 35-ке жуық компания жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы