Марапаттау рәсіміне Coursera және Udemy білім беру платформаларының өкілдері, сондай-ақ Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі серіктес ұйымдар қатысты.
Министрлік бұл марапатқа онлайн оқытуды жоғары білім беру жүйесіне енгізу, цифрлық құзыреттерді дамыту және жасанды интеллект саласында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру бағытындағы жетістіктері үшін ие болды.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мен Coursera арасындағы ынтымақтастық 2022 жылы басталған. Содан бері халықаралық платформаның курстары отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізіліп келеді.
Coursera платформасында 292 мыңнан астам қазақстандық сертификат алған.
Қазір платформада қазақстандық білім алушылар алған сертификаттардың саны 682 мыңнан асты. Оқуға жұмсалған уақыт 5,35 миллион сағатқа жеткен. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары аясында 163 098 академиялық кредит есепке алынған.
2026 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі елдегі 100 жоғары оқу орнына Coursera платформасын пайдалануға 38 184 лицензия бөлді.
Бүгінде 100-ден астам университет халықаралық платформаның курстарын оқу бағдарламаларына енгізіп, онлайн оқыту нәтижелерін ресми түрде есепке алады.
Айта кетейік, 2025 жылы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Coursera Learning Hero Award сыйлығын иеленген болатын.