Қазақстан Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Лихтенштейн командасын сенімді түрде ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірінші таймның өзінде-ақ біздің футболшылар айқын басымдық көрсетті. Есепті Ғалымжан Кенжебек ашып, көп ұзамай Бахтиёр Зайнутдинов айырмашылықты екі допқа жеткізді.
Екінші таймда Кенжебек дубль авторы атанды, ал кездесудің соңғы нүктесін Әлібек Қасым қойды.
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы алты матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты ұпай жинап, топтық кезеңде төртінші, яғни соңғыдан бір орын жоғары орында тұр.
Келесі ойын 13 қазан күні сағат 23:45-те Скопье қаласында Солтүстік Македонияға қарсы өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы