Қазақстан курорттары бір жылда қанша табыс тапты
Ел бойынша курорттық аймақтарда барлығы 1 856 орналастыру орны тіркелген.
2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарындағы орналастыру орындары 4,8 млн туристке қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары, ол кезде мұнда 4,3 млн адам демалған. Барлық келушілердің 17,3%-ын шетелдіктер құрады.
Ең көп демалушыны Алматы тау кластері қабылдады – 2,9 млн адам. Екінші орында Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – 463,1 мың қонақ, ал үшінші орында Маңғыстау аймағы – 370,1 мың адам демалған.
Сондай-ақ ең танымал аймақтардың бестігіне мыналар кірді:
• Балқаш туристік аймағы – 182,9 мың келуші
* Жетісудағы Алакөл курорттық аймағы – 149,1 мың турист
2025 жылы курорттық аймақтардағы орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 198,5 млрд теңгені құрады.
Жалпы ел бойынша курорттық аймақтарда туристерді жыл бойы қабылдайтын 1 856 орналастыру орны бар.