5 Тамыз 2026, 04:41 Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Грек-рим күресінен Бақытжан Қабдыл 63 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық балуандар еркін және грек-рим күресінен Коджаэлиде (Түркия) өткен халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Отандастарымыз екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен Бақытжан Қабдыл 63 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

ҚР ҰОК мәліметінше, еркін күрестен Аллан Оралбек (61 келіге дейін) күміс алса, Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, турнирге 24 елден 433 спортшы қатысты.