19 Қыркүйек 2025 2025, 02:20 Фото: olympic.kz

Қазақстан кубогында үздік семсерлесушілер анықталды

Қарағандыда семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандыда семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасындағы сайыста үздік семсер қаруымен айқасушылар анықталды.

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Кирилл Павлов жеңіске жетті.

Екінші орынға Вадим Шарлаимов (ШҚО) тұрақтады.

Ал үшінші орынға Нариман Уәлихан (ШҚО) мен Никита Жулинский (Шымкент) көтерілді.