Қазақстан кубогында «Қайрат» «Ақжайықты» жеңді

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалында алматылық «Қайрат» Оралдың «Ақжайығынан» басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматылық «Қайрат» өз алаңында Оралдың «Ақжайығымен» кездесті.

Биыл оралдық клуб бірінші лигада доп тебеді. Ал «Қайрат» негізінен өз академиясында тәрбиеленіп шыққан түлектерге сенім артып жүргені белгілі.

Ойын барысында командалар шабуылға көшті. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде оралдық клубтан Евгений Кобзарь 56-минутта «Қайратың» қақпашысын қапы қалдырып кетті. Ал «Қайрат» сапынан Дмитрий Сергеев 66, Артур Шушеначев 68-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/f.c.kairat
Өзгелердің жаңалығы