Қазақстан кубогы: Армениялық гроссмейстер Мануэль Петросян жеңіске жетті
Армян гроссмейстері Мануэль Петросянның жеңісімен нокаут жүйесі бойынша өткізілген классикалық шахматтан Қазақстан Кубогының финалы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мануэль Петросян кездесудің бірінші партиясында жеңіске жетті, екінші партияда Мануэлдің қарсыласы есепті теңістіруге барын салғанымен армян шахматшысы қарсыласының қысымына сәтті тойтарыс берді, ал 29-шы қадамда бітімге келді.
Жас ирандық шахматшы Бардия Данешвар екінші орын иеленді.
Үшінші орынға қазақстандық гроссмейстерлер Мұртас Қажығалеев пен Денис Махнев кездесеті. Тартысты өткен ойында Денис жеңіске жетті, Мұртас төртінші орынға жайғасты.
Әйелдер арасында өткен Қазақстан кубогының жеңімпазы болып Алуа Нурманова, ақтық ойында Алуа қарсыласын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Зарина Нұрғалиеваның күміс жүлдесі сөзсіз тамаша жетістік. Қазақстан Республикасының кубогінде күміс медаль иелену үлкен жетістік. Спортшыларымыз үшін оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға, халықаралық турнирлер мен чемпионаттарға қатысуға тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді, - деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.
Қола медаль үшін өткен кездесуде Аяулым Қалдарова Ольга Илюшинаны жеңді.