Қазақстан-Корея: Мәдени байланыс
Елордада Корей мәдени орталығының қолдауымен пианист Станислав Хегайдың жаңа жылдық концерті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада "Қазақстан" орталық концерт залында Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығының қолдауымен көрнекті қазақстандық пианист, этникалық корей Станислав Хегайдың қатысуымен "Qazaqconcert" қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті өтті.
Осы іс-шараны өткізу арқылы Кореймәдени орталығы Қазақстаннан келген этникалық корей әртісінің музыкалық талантын құрметтеуге, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы "Qazaqconcert" жетекші қазақстандық концерттік ұйымымен ынтымақтаса отырып, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы достықпенәріптестік байланыстарын нығайтуға үлес қосуға ұмтылды.
Концерт Қазақ ұлттық өнер университетінің "Жастар" хорының орындауымен ашылды. Одан кейін көрермендер Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің өнерін тамашалап, пианист Станислав Хегайдың жеке орындауында көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Станислав Хегай Бремендегі 14-ші Еуропалық пианистер байқауының жеңімпазы және Брюссельдегі 15-ші Халықаралық Королева Елизавета байқауының лауреаты. Ол корей-қазақ мәдени алмасуын дамытуда Корей мәдени орталығымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отырған әлемдік деңгейдегі көрнекті пианист.
Бұл концерт Қазақстанда тұратын корей қандастарымыздың музыкалық шеберліктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. "Qazaqconcert" мемлекеттік ұйымымен серіктестігіміз мәдени өзара іс-қимылдың әртүрлі салаларындағы, соның ішінде музыка, кескіндеме, әдебиет және т.б. салаларындағы елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін береді деп сенемін, - деді Корей мәдени орталығының директоры Ку Бон Чхоль.