Қазақстан командасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды

Алматыдағы “ADD Ustel Tennis Ortalygy” орталығында 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына Орталық Азия бойынша іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерлер мен әйелдер арасында аймақтан бір ғана жолдама үшін Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары өзара жарысты.

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжегұлов сынды спортшылар қарсыластарын сенімді түрде 3:0 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионатына жолдама алды.

Қазақстандық қыздар — Зауреш Ақашева, Сарвиноз Мирқадирова, Әнел Бақыт Қырғызстан спортшыларынан оңай өтіп, Өзбекстан құрамасына қарсы күрделі матч өткізді. 0:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте, аруларымыз жеңіске деген жігер танытып, есепті 3:2-ге жеткізіп, әлемдік додаға дайындалуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, командалық әлем чемпионаты 2026 жылдың мамыр айында Лондонда өтеді. Бұл жарыс 1926 жылғы алғашқы турнирден кейін тура 100 жыл өткен соң ұйымдастырылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үстел теннисі федерациясы
Өзгелердің жаңалығы