Қазақстан кәсіпкерлері Грузияға ұн мен бидай жеткізу көлемін арттырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Грузияға азық-түлік тапшылығының алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы Тбилисиде өткен грузин-қазақ бизнес форумында айтылды, деп жазды sputnik.kz.

Тбилисиде грузин-қазақ бизнес-форумы өтіп, шара барысында екі елдегі іскерлік сала өкілдері арасында жаңа байланыстар орнатылды.

Атап айтқанда, Қазақстан кәсіпкерлері Украинадағы дағдарысқа байланысты елде тапшылық болмау үшін Грузияға астық пен ұн жеткізу көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Sputnik Грузияның хабарлауынша, бизнес-форумның бірінші күнінде жалпы сомасы 1,2 миллион доллар болатын бірқатар мәміле мен келісім жасалған.

Ресей мен Украинаның аграрлық нарықтан шығуына байланысты біз олар жеткізіп келген тауарды өзіміздің астық пен ұнға ішінара алмастыруға дайынбыз. Қазір біз Батуми портында логистикалық қойма, астық терминалын ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз, - деді журналистерге QAZTRADE бас директоры Азамат Асқарұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы