Қазақстан каратэшілері Ыстамбұлдағы Премьер-лиганы екі алтынмен аяқтады
Түркияның Ыстамбұл қаласында WKF каратэден Премьер-лига санатындағы 2026 жылғы алғашқы турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Финалдық жекпе-жектерде Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Кумите бағдарламасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Балл Самашева словениялық Нина Квасникованы 2:1 есебімен жеңді. Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындардың чемпионы Софья Берульцева (+68 кг) финалда Непал өкілі Арика Гурунгтан айқын басым түсті.
Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы Ыстамбұлдағы Премьер-лига турнирін екі алтын медальмен аяқтап, жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Жалпы командалық есеп:
- Египет – 2 алтын, 3 күміс, 1 қола
- Түркия – 2 алтын, 2 күміс
- Қазақстан – 2 алтын
- Жапония – 1 алтын, 2 күміс, 6 қола
Айта кетейік, WKF Премьер-лига турнирлеріне әлемдік рейтингтің ТОП-32 қатарына енген спортшылар ғана қатысады. Бұл жарысқа Қазақстан атынан 13 спортшы барған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Жемқорлар енді сайлауға қатыса алмайды
Өзгелердің жаңалығы