Қазақстан Италиядағы әлем кубогында екінші "алтынды" жеңіп алды

Қазақстандық конькиші қыздар Италияда жасөспірімдер арасында өткен Әлем кубогының кезеңінде "алтын" медаль жеңіп алды.

Алена Лифатова, Алина Дауранова және Арина Ильященко жасөспірімдер арасындағы нео-сеньорлар санатындағы командалық спринтте жеңіске жетіп, Қазақстанға бір күнде екінші алтын медальді сыйлады.

Жарыс Коллальбода (Италия) өтті.

Олар 1:35.56 уақыт көрсеткішін тіркеді. Күміс жүлдені Италия спортшылары (1:37.71) жеңіп алса, қола жүлде Норвегия құрамасына (1:39.20) бұйырды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды Алина Дауранова салған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы