Қазақстан Иранға 250 млн долларға тауар тасымалдауы мүмкін

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан-Иран бизнес форумында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іскерлік іс-шара Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Алиреза Пейман-Пактың елімізге жұмыс сапары аясында ұйымдастырылып отыр.

Жиынға ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі өнімдерін, машина жасау тауарларын, туристік қызмет ұсынатын ірі және орта компаниялардың 100-ден астам өкілдері қатысуда.

2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 19,8%-ға артты. Осылайша, 528 млн долларды құрады. Екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту - Қазақстанның сауда саясатының маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға 250 млн доллар сомасына 75-тен астам тауар түрін қосымша жеткізуге дайын, - деді Сауда және интаграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Форумға қатысушылар Иранның іскер топтарына Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен қатар ынтымақтастықтың артықшылықтары және Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі ілгерілету келешегін талқыға салды.

Айта кетейік, қазақстандық АӨК және тамақ өнеркәсібі өнімдері ирандық тұтынушы арасында барынша танымал.

Бүгінгі таңда қазақстандық кәсіпорындар отандық өнімді Иран нарығына үнемі жеткізіп отырады. Иранға экспорттың негізгі тауарлары — арпа, бидай, өсімдік майларын, сұлы, май, зығыр тұқымын алу кезінде алынған қалдықтар.

Импорттық жеткізілімдер арасында мұнай өнімдері, жаңа піскен көкөністер мен жемістер, Иран өндірісінің құрылыс материалдары басым.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы