23 Тамыз 2026, 16:52
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Қазақстан инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
Қазақстан бір жыл ішінде жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді. Еліміз 53-орынға жайғасып, Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Сарапшылар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын атап өтеді. Негізгі бағыттар – энергетика, инфрақұрылым және цифрлық технологиялар.
Әлеуметтік инфрақұрылым да дамып келеді. Соңғы алты жылда 1200 мектеп салынып, балабақшалар саны үш жылда 720-ға артып, шамамен 12 мыңға жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әл-ауқат индексінде 66-орында екені хабарланды.