Қазақстан интернетті жиі бұғаттайтын елдердің қатарында

2022 жылы қай мемлекет интернет желісін көбірек бұғаттаған?  "Top 10 VPN" технологиялық компаниясының мәлімдеуінше, интернетті бұғаттау экономикалықшығындарға әкеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

"Top 10 VPN" мәліметінше, елдегі интернетті жиі өшірген – Ресей Федерация. Бұл қызметте Ресейдің экономикалық шығыны –  21,6 миллиард доллар. Оған себеп Ресей үкіметіне былтыр болған наразылықтар. Билік интернетті қайта-қайта өшіруге мәжбүр болған.

Бұл тізімде Иран екінші орында . Иранда 72 миллионға жуық адам желіден шектелді. Экономикалық шығы 773 миллион долларға жеткен.

Компания зерттеуінде, Қазақстан үшінші орында тұр. Елімізге 400 миллион доллардан астам экономикалық шығын келген. Қазақстанның интернетті өшіруі 2022 жылғы қаңтар оқисына байланысты.

Кейінгі орындарда Мьянма мемлекеті. 2022 жылы интернет ең ұзақ үзілген елдердің бірі. Халықтың 17 500 сағат интернеті бұғатталған. Сондай-ақ Эфиопияда да былтыр 9 000 сағатқа өшірілген.

Сурет Саясаттанушы Р. Елубаевтың Facebook-тағы жазбасынан алынды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы