Бүгiн 2026, 18:27 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстан инфляцияның төмендеуіне қол жеткізді

Қазақстанда инфляция тағы да баяулайды деп күтілуде.

Енді жыл қорытындысы бойынша бағаның өсуі 9-11 % болады деп болжануда. Ал бұрын бұл көрсеткіш 9,5–11,5 % деңгейінде болған еді.

Болжамның төмендеуіне Үкімет пен Ұлттық банктің бағаны тұрақтандыру үшін жасаған жұмыстары әсер етті. Сондай-ақ баға өсімінің тез баяулауы, ҚҚС өсуінің тауар құнына аз әсер етуі және теңге бағамының нығаюы көмектесті.

Бұған қоса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру шаралары, тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы және біршама қатаң ақша-кредит саясаты да септігін тигізді.
Сарапшылардың пайымдауынша, 2027 жылы инфляция 6-8 %-ға дейін баяулауы мүмкін. Ал 2028 жылы 5 % деңгейіне жақындайды.

Дегенмен, инфляциялық тәуекелдер әлі де бар. Ішкі сұраныс, бюджет шығындары және басқа да факторлар бағаның төмендеуін баяулатуы мүмкін.