Қазақстан-Индонезия қатынастарын дамытудың болашағы талқыланды

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Сыртқы істер министрі Ретно Марсудимен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматтарында Қазақстан-Индонезия қатынастарының ағымдағы жағдайын талқылады. Елші оларды одан әрі дамыту және нығайту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.

Министр С. Әбдікәрімовті Индонезия Президентіне сенім грамоталарын тапсыруымен құттықтап, дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі.

Сол күні Елші Сержан Әбдікәрімов Индонезияның Сыртқы істер Вице-министрі Пахала Нуграха Мансуримен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы