8 Қараша 2026, 23:20 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан хоккей құрамасы үшінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды

Шешуші кездесуде қазақстандық хоккейшілер алаң иелерін буллит сериясында жеңді. Жеңіс әкелген шешуші соққыны Диас Гусейнов орындады.

Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатында топ жарып, үшінші рет қатарынан алтын медаль жеңіп алды.

Талғат Жайлауов жаттықтыратын құрама турнирдегі үш кездесудің барлығында жеңіске жетті.

🇯🇵 Жапония – Қазақстан: 2:3

🇨🇳 Қазақстан – Қытай: 5:0

🇰🇷 Қазақстан – Оңтүстік Корея: 1:0 (буллит)

Шешуші кездесуде қазақстандық хоккейшілер алаң иелерін буллит сериясында жеңді. Жеңіс әкелген шешуші соққыны Диас Гусейнов орындады.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Мұхаметов турнирдің үздік шабуылшысы атанды. Ол үш кездесуде екі шайба соғып, екі нәтижелі пас берді.

Осылайша, Қазақстан 2024 жылдан бері ұйымдастырылған Азия чемпионатының барлық үш турнирінде жеңіске жетті.

Биылғы жарыста Жапония күміс, Оңтүстік Корея қола медаль иеленді.