66 жылда алғаш рет: Қазақстан хоккейшілері Канадада топ жарды
66 жыл бойы бұл беделді турнирдің жеңімпаздары хоккей алпауыттары саналатын Канада, Америка Құрама Штаттары, Ресей, Финляндия, Швеция және Чехия командалары болып келген.
Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған PeeWee турнирінің финалдық матчында Astana Team буллит сериясында “Нуар э Ор де Мортань” командасын жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
66 жыл бойы бұл беделді турнирдің жеңімпаздары хоккей алпауыттары саналатын Канада, Америка Құрама Штаттары, Ресей, Финляндия, Швеция және Чехия командалары болып келген.
Ал енді сол тарихи тізімге жаңа атау қосылды. Astana Team – Қазақстаннан осы беделді халықаралық чемпионатты жеңіп алған алғашқы команда.
Бұл сәттілік емес. Бұл – маңдай термен келген жеңіс. Тәртіп арқылы. Бірлік арқылы. Жүрекпен. Темірдей төзімділік пен чемпиондық мінез танытқан буллиттегі жеңіс арқылы. Қазақстаннан Квебек қаласына дейін бұл сәт сенген әр ойыншыға, әр бапкерге, әр ата-анаға, әр жанкүйерге тиесілі. Тарих жасағандар. Кедергіні бұзғандар. Мәңгі чемпиондар. Қазақстан енді PeeWee тарихына жазылды, - деп жазды icanadaint инста парақшасы.
Astana Team – "Нуар э Ор де Мортань" (0:0; 1:1; 2:2; 0:0; 1:0):
0:1 – Рьендо (МакКой) – 15:22
1:1 – Векелин – 20:56
1:2 – МакКой (Жандро) – 22:51
1:3 – Тесар (Пелетье) – 26:25
2:3 – Дауров (Табарин) – 31:29
3:3 – Табарин – 32:07
4:3 – Векелин – 42:00
Қақпашылар: Акмолин (Подрезов 27:00–42:00) – Тушетт.