19 Тамыз 2025 2025, 10:30
Фото: Үкімет
Қазақстан халықаралық транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін нақты бекітті – министр
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев еліміздің транзиттік әлеуеті жоғары екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев еліміздің транзиттік әлеуеті жоғары екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан халықаралық сауда бағыттарында орналасқан. Біз арқылы 5 халықаралық теміржол дәлізі жұмыс істейді. Қазақстан бүгінде халықаралық транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін нақты бекітті, - деді Нұрлан Сауранбаев.
Ол Үкімет отырысында соңғы 10 жылда транзит көлемі екі есеге өсіп, 2024 жылы 27,4 млн тоннаға жеткенін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанда теміржол желісінің 57%-ы тозғаны айтылды.