Қазақстан халық партиясының сайлауалды штабы ашылды
«Қазақстан Халық партиясы» үгіт-насихат жұмыстарының басталуына орай республикалық сайлауалды штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жиынға осы ұйымның атынан тіркелген кандидаттар және өңірлік филиалдардың басшылары онлайн қатысты. Қоғамдық бірлестік осы науқанға өзінің сайлауалды бағдарламасын әзірлеген. Құжатта әділетті қоғам, салық саясатын өзгерту, экономиканы дамыту, қорғаныс саласын жетілдіру, әлеуметтік саясат, қалалар мен өңірлерді дамыту сынды бағыттар қамтылған. Енді оны сайлаушыларға жан-жақты түсіндіруді көздеп отыр. Қазақстан Халық партиясының тізімінде 52 адам бар.
Штаб өз жұмысын бастады. Күнтізбелік жоспар бойынша еңбек ұжымдары, тұрғындармен кездездесулер өткіземіз. Алдағы 1 ай ішінде ірі қалалар мен аудан және ауылдық жерлдерде 3 мыңға тарта шара өткізу жоспарланған, – деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Байтақ» жасылдар партиясы да үгіт-насихат жұмысына кірісті
Келесі жаңалық
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы