Қазақстан халық партиясының Құрылтай сайлауына ұсынған партиялық тізімі ресми тіркелді
Құрылтай депутаттығына кандидаттарға тиісті куәліктер беріледі.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына ұсынған партиялық тізімін ресми түрде тіркеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаулыға сәйкес, Қазақстан халық партиясының партиялық тізімі тіркеліп, Құрылтай депутаттығына кандидаттарға тиісті куәліктер беріледі.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының аппараты партиялық тізімнің тіркелгені туралы мәліметтерді уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға жолдайды.
Сондай-ақ партиялық тізімнің тіркелгені туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жарияланады. Бұдан бөлек, Қазақстан халық партиясының атауы Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған сайлау бюллетеніне енгізіледі.
Осылайша, комиссия Қазақстан халық партиясының партиялық тізімін тіркеуге қатысты бес тармақтан тұратын қаулыны қабылдады.