Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия елдің жаңа Конституциясының жобасын жариялады. Қазіргі уақытта жоба халық арасында кеңінен талқылануда. Қазақстан Халық партиясы елдің жаңа Негізгі заңының жобасын қолдайтыны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«…Біз бұл құжатты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асырудың және «Әділетті Қазақстан» құрудың заңды әрі кезекті кезеңі деп бағалаймыз, – делінген мәлімдемеде. 

Жоба билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз ететін және жаңа саяси шынайылық үшін құқықтық негіз қалыптастыратын негізгі институционалдық өзгерістерді бекітеді…»

ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Магеррам Магеррамов атап өткендей, комиссия отырыстарында бастамалар мен ұсыныстар мұқият қаралып, талқыланды және барлық «артықшылықтар» мен «кемшіліктер» сарапталды.

Елдің жаңа Негізгі Заңы жобасының ерекшелігі оны ашық талқылау және жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты пысықтау болды, – деді М.Мағеррамов. 

Жаңа Конституцияны ұжымдық қатысудың, азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі деп қабылдау керек.

Конституциялық реформаға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру туралы бастамасы негіз болды. ҚХП 2023 жылғы партиялық бағдарламасында осындай идеяны алға тартты. Партиялықтар бір палаталы Құрылтайға көшу «Ықпалды Парламент» қағидатын іске асыруды оңтайлы қамтамасыз етеді деп санайды.

«…Жобаны мұқият зерделегеннен кейін біз партиямыздың бағдарламалық ұстанымымен үндесетін негізгі новеллаларға қолдау білдіргіміз келеді», – делінген мәлімдемеде. 

Біз саяси жүйені дамытудағы маңызды қадам бір палаталы Парламент – Құрылтай жоғары өкілді органының мәртебесін конституциялық тұрғыда бекітуді дұрыс деп санаймыз. Біз сайлауалды бағдарламамызда бір палаталы модельге көшуді қолдаған болатынбыз және бүгін бұл өте дұрыс шешім болғанын көріп отырмыз. Себебі ол мемлекеттің қазіргі даму бағытына толық сәйкес келеді. Бір палаталы модельге көшу «Ықпалды Парламент» қағидатын іске асыруға, артық бюрократиялық буындарды жоюға және депутаттардың жеке жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған азаматтардың елді басқаруға қатысуын институционалдық тұрғыда бекітетін Қазақстан Халық Кеңесі институты маңызды толықтыру ретінде енгізіліп отыр. ҚХП өкілдерінің пікірінше, «еңбек ету құқығы» деген тұжырымдаманың қолданылуы әлеуметтік-құқықтық кепілдіктің мәнін күшейтіп, аталған құқықты іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттің прогрессивті міндеттемелерін айқындай түседі.

«…Біз үшін әлеуметтік-еңбек саласындағы ұстанымдардың нақтылануы ерекше маңызға ие», – деп атап өтті партия өкілдері. 

Біз Конституция жобасының 27-бабындағы «еңбек еркіндігі» деген тұжырымның орнына «Әр адам еңбек етуге құқылы» деген нақты норма енгізілгенін оң бағалаймыз. Бұл норма Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактқа сай келеді және мемлекетті жұмыспен қамту мен лайықты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге бағыттайды. Біз үшін бұл принцип тұрғысынан аса маңызды, себебі еңбек адамның құқығы мен мүддесін қорғау үнемі Қазақстан Халық партиясының басты басымдығы болған және осылай болып қала береді…»

Бұл көзқарасқа ҚХП депутаты Ирина Смирнова пікір білдірді.

Ұсынылып отырған норманы бекіткен жағдайда мемлекет барлық туындайтын міндеттерімен бірге азаматтарға еңбек ету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, – деп мәлімдеді мәжілісмен.

Құжатта қолданыстағы Конституцияның оң тұстары сақталған. Жаңа жобада партияның осыған дейін көтерген жер қойнауы мен табиғи байлықтар туралы бастамасы бап ретінде қалдырылған.

«…Біз іргелі экономикалық негіздердің сабақтастығын атап өтеміз, – делінген ҚХП мәлімдемесінде. 

Жобаның 8-бабында жер және оның қойнауы халыққа тиесілі екені жөніндегі негізгі норма сақталған. Қазақстан Халық партиясы ұлттық байлықтың әр азаматқа қызмет етуін талап ете отырып, дәл осы ұстанымды берік қорғады. Сонымен қатар бұл ресурстық іргетас жаңа стратегиялық вектормен толықтырылып отыр: 3-бапта мемлекеттік қызметтің басым бағыты ретінде адам капиталы, ғылым мен білім дамытылатыны жарияланған. Біз табиғи байлықтан түскен табысты білім мен азаматтарды дамытуға инвестициялау арқылы Әділетті Қазақстан құру негізін қалыптастыратын тәсілді дұрыс деп санаймыз…»

ҚХП депутаты Ислам Сұңқардың пікірінше, бұл өте маңызды толықтыру.

Жаңа Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновациялар негізгі басымдық болып нақтыланды, – деп түсіндірді мәжілісмен. 

Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықта емес, адам капиталы мен азаматтардың жетістігінен көрініс табатынын айқындайды. Бұл түбегейлі және маңызды бетбұрыс.

Партияның мәлімдемесі заң жобасын жоғары бағалаумен түйінделді.

«…Біз преамбуланың идеологиялық мазмұнын қолдаймыз, онда Ұлы Даламен тарихи сабақтастық, «Заң және Тәртіп» қағидатына сондай-ақ , әділеттілік идеалдарына адалдық бекітілген. Құжатта қоғамның тұрақтылығының негізі болып табылатын этносаралық және конфессияаралық келісімге ерекше назар аудару маңызды, – делінген. 

Жаңа Конституция мемлекеттіліктің одан әрі дамуы үшін құқықтық шеңбер қалыптастырып, демократия институттарынының өкілдігімен азаматтарды біріктіреді. Қазақстан Халық партиясы басты орынға Адам мен Азаматтыың мүддесі қойылған жобаны қолдайды…»

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы