Қазақстан Халық партиясы Президент Жолдауындағы өзгерістерді қолдайды
Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына бүгін жолдаған Жолдауында жарияланған саяси өзгерістерді толық қолдайтындарын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQKZ.
Партияның мәлімдемесінде бұл - Жаңа Әділетті Қазақстан құрудың берік іргетасын қалайтынына шын жүректен сенеміз делінген.
Референдумнан кейін Партия мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісінің сайлауын өткізуді қолдады. Біз саяси бәсекелестіктің күшейгенін және саяси партиялар санының артқанын құптаймыз,-делінген партияның мәлімдемесінде.
Сондай-ақ Қазақстан Халық партиясы сайлауға дайын, жеңіске жетуді және халық сенім артатын Үкімет қалыптастыруды жоспарлап отырғаны айтылады.
Халықтың қолдауына ие басқарушылардың жаңа толқыны Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыратынына сенімдіміз. Кезектен тыс Президент сайлауында, біз бұрын мәлімдегендей, қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз, - делінген хабарламада.