22 Қыркүйек 2026, 13:22 Фото: Ақорда

Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы қашан өтетіні белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.

Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді.