Қазақстан халқының саны қашан 25 млн-ға жетеді?
Болжам бойынша қараша айында 20 миллионыншы бала дүниеге келеді. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Найля Мұхтарова осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бізде 2050 жылға дейінгі болжам бар. Алайда біз бұл болжамдарды әрі қарай жақсартып, жаңартуымыз керек. 25 млн-ға 2050 жылға дейін жетеді деген мәлімет бар, бірақ қайта жасау керек деп ойлаймын, – деді Найля Мұхтарова.
Олар халық санының неге өспегені жайлы бірнеше факторды атады. Оның айтуынша, 90-шы жылдары өлім-жітім көрсеткіші жоғары болды.
Кейін медицина саласы біртіндеп дамығандықтан көрсеткіш төмендеді. Тәуелсіздік жылдарындағы ең көп өлім-жітім пандемия кезінде 2021 жылы болды. Соңғы жылдары өлім-жітім төмендеп жатыр, - деді Найля Мұхтарова.
Бұған дейін болашақта елімізде туу көрсеткіші азаятыны туралы айтылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл сайлау жарнасы қанша теңге болды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы