Қазақстан халқының саны қаншаға жеткені белгілі болды
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны туралы мәліметті жариялады. Бұл ақпарат бюроның ресми сайтында шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жылдың ішінде Қазақстан халқы 212 576 адамға артқан.
Халық саны 2 миллионнан асты:
Түркістан облысында – 2 148 658 адам (бірақ бір жыл ішінде облыс халқы 5 383 адамға азайды) және Алматы қаласында – 2 347 924 адам (55 869 адамға өсті).
Қазақстанда 1 миллионнан астам адам тұратын өңірлер:
Астана – 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);
Алматы облысы – 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);
Жамбыл облысы – 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);
Шымкент – 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);
Қарағанды облысы – 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).
Халқы ең аз өңірлер:
Ұлытау облысы – 218 993 адам (2 297 адамға азайды);
Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (8 015 адамға азайды);
Абай облысы – 595 676 адам (7 156 адамға азайды).
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтарда қала халқы – 13 029 803 адам (256 688 адамға артты), ал ауыл халқы – 7 466 172 адам (44 112 адамға азайды) болды.