«Қазақстан халқына» қорына ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын. Аталған қорға ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге жұмсалады. Сонымен қатар төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Қор қызметі барынша ашық болады, - делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қазақстан халқына» қоры шоттарының деректемелері
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы