«Қазақстан халқына» қоры шоттарының деректемелері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) бизнес-қоғамдастық өкілдері мен көмек ретінде қол ұшын созғысы келетін азаматтар қордың шоттарына келесі деректемелер бойынша қаражат аудара алатынын  хабарлайды.

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768, АО «Kaspi bank».

"Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. 

Қор келесі міндеттерді орындайтын болады:

- Қазақстан Республикасының халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету;

- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;

- халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу;

- Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау;

- Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы