"Қазақстан халқына" қоры. Еліміздің 18 өңірінде балалар нейрохирургиясы қызметін дамытады

«QH балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту» қайырымдылық жобасы бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба еліміздің 18 өңірінің нейрохирургтеріне арналған оқыту іс-шараларының кешенін жүргізу арқылы аймақтардағы балаларға көрсетілетін мамандандырылған және жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмектің қолжетімділігін жақсартады және сапасын арттырады.

Қауіпсіз нейрохирургиялық емдеудің заманауи технологияларын трансферттеу үшін жағдайлар жасалады. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ өңірлерде операция кезінде науқастарды қауіпсіз нейрохирургиялық емдеу бойынша заманауи тәжірибелер мен тәсілдер трансфертін жалғастыруға мүмкіндік алады. Бұл орталыққа жоспарлы нейрохирургиялық көмекке күту парағындағы кезектілікті біртіндеп төмендетеді.

Сондай-ақ, жобаның «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ға гибридті операция бөлмесінде ми патологиясы кезінде нейрохирургияның заманауи жоғары технологиялық әдістерін енгізу міндеті бар.

Өңірлерде нейрохирургтер санының артуымен өңірлерден мамандарды оқыту және медициналық технологиялар трансферті арқылы балаларға нейрохирургиялық қызметтерге қолжетімділікті жақсарту мүмкіндігі пайда болды. Бұл ретте, балалар нейрохирургиялық төсектері бар 21 денсаулық сақтау ұйымында тиісті жабдық (қазіргі заманғы краниотомдар және нейромониторинг) жетіспейді, бұл өз кезегінде «қауіпсіз хирургия» технологиясының трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

«Қазақстан халқына» қоры жобаны іске асыру аясында балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту үшін медициналық жабдықтар сатып алу бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді. Еліміздің 18 өңірінде ауруханалардың нейрохирургиялық бөлімшелерін жалпы құны 3,43 млрд теңгеге жабдықтау көзделген.

Жобада нейромониторинг, бейнеэндоскопиялық тіректер, краниотомдар, нейрохирургиялық құралдар жиынтығы, басын бекіту жүйесі бар операциялық үстелдер, қос жоспарлы ангиографиялық жүйесі бар гибридті операциялық бөлме бөлігінде жарақтандыру жоспарлануда.

Ақмола, Алматы, Абай, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы барлығы 21 медициналық ұйым жобаның қайырымдылық алушылары болып айқындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы