«Қазақстан халқына» қоры Девик ауруы бар 3 науқасқа дәрі сатып алды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры орфандық аурулары бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына «Оптиконевромиелит» (Девик ауруы) сирек кездесетін 3 емделушіге «Ритуксимаб дәрісі жеткізілді. Науқастарға  1,8 млн теңге сомасына дәрінің 7 құтысы сатып алынды. Девик ауруы көру нервтерінің зақымдануымен және жұлынның бұзылуымен сипатталатын дерт.

Дәрі-дәрмектер қалалық басқарманың өтінімі бойынша бюджетте қаражаттың жетіспеушілігі себебіне байланысты сатып алынды.  «Ритуксимабты» сатып алу туралы өтінімді Орфандық аурулар жөніндегі сараптама комитеті қарап, Қор Басқармасында бекітілді. 

Содан кейін жеткізушіні іздеу жұмыстары басталды. Қор отандық және шетелдік өндірушіге жүгінді. Жеткізушілермен жүргізілген келіссөздердің, сондай-ақ келісу рәсімдерінің қорытындысы бойынша жергілікті дәрі-дәрмек өндірушісі Қарағанды фармацевтикалық кешенімен шарт жасалды. 

 Басқарманың мәліметінше,науқастар тексеруден өткен соң дәрі-дәрмекпен терапия басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы