«Қазақстан халқына» қоры ауыл ұстаздарына да көмектеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан халқына» қорының жұмыс барысы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

«Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары медициналық тұрғыдан орфандық аурулар, трансплантация, онкология, мүгедектерге бионикалық протездер сияқты мәселелердің қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдар мен қорларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Біз арнайы өтінішпен келіп жатқан азаматтарымызға көмек көрсетуден бөлек, мемлекеттік емес ұйымдармен, қорлармен бірлескен жобалар бастағалы жатырмыз. Ресми сайтымызда қандай қор немесе үкіметтік емес ұйым қандай ұсынысымен, жобасымен бізге серіктес ретінде өзінің өтінімін жібере алатыны туралы ақпарат бар, – деп хабарлады «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

Сондай-ақ ол қордың ауыл мен аудандарға көңіл бөлуді жоспарлап отырғанымен бөлісті. 

Қордың қазіргі мәселесі ауыл мен аудандардағы мектептегі оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де білімін арттыру бойынша біраз жобаларды енгізсек деп жатырмыз. Білім саласында жұмыс істеп жүрген белсенді азаматтар мен азаматшаларымыз бар. Сол кісілер сарапшылық комитет арқылы біраз жобаларды қарастырып, бір бағдарлама жасалмақ. Ауыл мен ауданның мәселесі көп. Бірақ бірінші білімнен бастайық. Ары қарай басқа да әлеуметтік мәселелерді қарастырып, қол ұшын созамыз деп отырмыз, – деді Ләззат Шыңғысбаева. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы