«Қазақстан халқына». Президент Іс басқармасының қызметкерлері қолдау көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орталық аппараты мен барлық ведомстволық қарасты ұйымының ұжымы Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоғамдық қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын аударуды ұйғарды.
Аталған қор «денсаулық сақтау, білім беру салаларында, әлеуметтік жәрдем көрсетуде қордаланған мәселелерді шешумен» айналысатын болады. Мысалы, сирек кездесетін сырқатпен ауыратын балаларға көмектеседі, себебі көптеген отбасы үшін емдеу шығыстары жетіспей жатады. Қабілетті балаларға, мәдениетке қолдау көрсетеміз, өткендегі оқиғадан кейінгі қиын жағдайда қалған Алматыға жәрдем береміз. Осы қордың қаражатынан біз қайтыс болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмектесеміз», - деді Қазақстанның Президенті.
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоры қоғамның бірігу құралы бола алатынын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы